• Басты бет
  • /
  • Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.

1-сыныпқа оқуға алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.
1 сыныпқа қабылдау қызметін көрсету мерзімі: 1 сәуірден 1 тамызға дейін.
Бұл мемлекеттік қызмет "SAKURA: электрондық мектеп" білім беру порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. https://sakura24.kz/ru/), сондай-ақ egov.kz.
Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері бос орындар болған кезде оқыту үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
📌Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1️⃣ ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден өтініш;
2️⃣ 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат - "баланың денсаулық паспорты";
3️⃣ 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (естеріңізге сала кетейік, медициналық тексеруден өту үшін Н-күндер саны қажет);
4️⃣ баланың 3х4 көлеміндегі сандық фотосуреті.
( Заңды өкілдің ЭЦҚ-сы керек)

Бейне нұсқау