Конституция – негізгі заң

Конституция – негізгі заң

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Осы күнге дейін мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Еліміздің Конституциясы Қазақстанның өмір сүруінің демократиялық принциптерін бекітеді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді, олардың міндеттерінің көлемін анықтайды. Конституцияны бұлжытпай орындау – мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Біздің міндетіміз – оны жақсылап күту. Елімізді, тарихымызды, жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай құрметте. Көрмеде Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен еліміздегі конституциялық құқықтың дамуы туралы материалдар қойылған.