№ 19 мектеп-ЖЖИ 49-шы қалалық слетінің жеңімпазы! 🚦
Біздің команда жалпы командалық есепте 1 орын алып, қаланың 30 мектебінің ішінде үздік атанды! Бұл барлық қатысушылардың қажырлы еңбегі, күш-жігері мен бірлігі арқасында мүмкін болған үлкен жеңіс.
🏅 Біздің жетістіктеріміз:
✅ Саптық байқау - 🥇1 орын
✅ Үгіт бригадасы - 🥇1 орын
✅ Жас санитар - 🥇 1 орын
✅ Эрудиттер турнирі- 🥇1 орын
✅ Жол қозғалысы ережелерін білуге арналған конкурс - 🥇 1 орын
✅ Ашық үзіліс - 🥇1 орын
✅ Велосипедті мәнерлеп жүргізу - 🥉3 орын
📢 Енді №19 мектептің командасы біздің қаламыздың атынан облыстық ЖЖИ слетінде өнер көрсетеді!
💫Біздің қатысушыларымызға – еңбекқорлығы, табандылығы және жеңіске деген ұмтылысы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздер нағыз көшбасшысыздар және барлығына үлгі бола білдіңіздер!
🔹 Мұғалімдерге – кәсіпқойлық, шыдамдылық және команданы дайындауға қосқан үлесі үшін шексіз алғыс айтамыз! Сіздерсіз бұл жетістік мүмкін емес еді!
💫Ата – аналарға-осындай керемет балаларды тәрбиелеп, әрдайым қолдап және олардың күшіне сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс!
Біздің мектепте балалардың дамуы, өз таланттарын ашып, жаңа биіктерге жетуі үшін барлық жағдай жасалуда. Біз әр оқушыны мақтан тұтамыз және сізді одан да үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!
Облыстық ЖЖИ слетінде сәттілік тілейміз! Алға, №19 мектеп!
- Басты бет
- /
- 49-шы қалалық слет ЮИД
49-шы қалалық слет ЮИД
