• Басты бет
  • /
  • Қазақ тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің байқауы

Қостанай қаласының білім беру ұйымдары арасында жас қазақ тілі мамандарының байқауы М. Горький атындағы гимназияда, №16 жалпы білім беретін мектепте және М. Хәкімжанова атындағы №20 мектепте өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби шеберлігін көрсету, олардың біліктілігін дәлелдеу және өз мамандығына деген жауапкершілікті арттыру. Қазылар алқасы құрамында тәжірибелі әрі білікті педагог-шеберлер болды.
Бұл байқауда біздің мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Омарова Дильназ Кенжебекқызы, жүлделі ІІ орынға ие болды. Тәлімгері - Бейсембаева Гульмира Кантарбайқызы.
Дильназ Кенжебековна мен тәлімгерін осы жетістігімен құттықтаймыз және жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!