"Ардагерге ашықхат" мастер-классы

Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойына арнап біздің мектепте «Ардагерге ашықхат» атты көңілге қуаныш сыйлайтын мастер-класс өтті. Екінші сынып оқушылары ардагерлерге өз қолдарымен ашық хаттар жасап, әр жұмысқа жүректің, ризашылықтың және сыйластықтың құрметі ретінде жылы лебіздерін білдірді. Әрбір ашықхат-бұл жай ғана қолөнер емес, бізге бейбіт аспан сыйлаған батырларға деген шынайы ризашылықтың белгісі.
Мәңгі біздің есімізде. Біз мақтанамыз. Рахмет.