Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының мектептерінде балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алуға бағытталған жаңартылған мектептегі тамақтану стандарты енгізілді. Қазіргі жағдайда оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін ерте жастан қалыптастыру аса маңызды: тұрақты таңғы ас, күнделікті көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыну балалардың өзін жақсы сезінуіне, белсенді болуына және оқу үлгерімінің артуына ықпал етеді.
Сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді таңдауға көмектесу мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ФАО қолдауымен «5 секунд — жапсырмаға назар аудару, өмір бойғы денсаулық» атты бейнеролик дайындады. Сіздерді бұл бейнероликті балалармен бірге тамашалап, пайдалы кеңестерді талқылап, оларды күнделікті өмірде — үйде және мектепте қолдануға шақырамыз. Денсаулыққа қамқорлық қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан басталады.
